Мұстафа Өзтүрік: «Қазақстанға тәуелсіздік оңай тимейді»

Oinet.kz 16-12-2019 1128

1990 жылы бауырларыма өнер көрсетейін деп шәкірттеріммен Қазақстанға екінші рет келдім. 

Картинки по запросу мұстафа өзтүрік

Өзіммен бірге Германия мен Түркияның беделді газеттерінде істейтін бірнеше түрік журналистерін ертіп келгенмін. Олар істейтін газеттер бүкіл әлемге тарайды. Сол жолы журналисттер қайтарында маған: "Сен бізбен бірге қайт. Одақ көп ұзамай қирайды. Егемендік қай елге болмасын оңайлықпен келмейді. Ал сенің жерің бай, үлкен, халқың кең. Сондықтан, Қазақстанға тәуелсіздік оңай тимейді. Қан көп төгіледі. Елге қайт..." деп ақыл қосқан еді. Мен оларға: "Сендерді ата-жұртты көрсін, білсін, жазсын деп алып келдім. Бірақ мені елімнен, жерімнен айыр деген жоқпын. Егер қантөгіс болса, менің де бір тамшы қаным бар ғой, менікі-ақ төгілсін. Мен осында қалам. Ал сендер кете беріңдер. Тек сол жақта көрген-білгендеріңді жаза беріңдер" деп шығарып салдым.

1995 жыл, 23 ақпан.

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Қайрат Рысқұлбековтің абақтыда жазған ой-толғамы
Қасым Қайсенов: «Ерлер әйелге деген іңкәрлік, құштарынан айрыла бастады»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу