Ілияс Жансүгіров. Фатима Ғабитоваға жазған хаты

Oinet.kz 16-12-2019 1562

Бұрынырақ махаббат бар ма дегенге күдікті қараған, бағаламаған, жабайы қазақпын. Соңғы жылдарда барлығы түгіл, соның жан қорлығын тартып жүрген сорлымын. Бірақ сол өмірдің ішінде сені сүйетінімді жарыққа шығарып, саған нахальство істегенім жоқ. 

image.png

Сырттан сағынумен келем. Мүмкін қадары сені көрмеске, "жолдастық" әдетін сындырмасқа өткен жыл жарымдарда тырысқамын. Керек десе, жанымның жауабын, жүрегім сырын саған ашқаным да жоқ. Аяғы болмады, еріксіз айналдым. Жаным жай таппай, сені сүюім жылдан-жылға есейді. Күннен-күнге күшейді. Аяғында шыдамадым. Шектен шықты. Ескі тәртіпті, әдетті бұздым. Саған ашық сөйледім. Хаттарымда осы сарын жазыла бастады. Соңғы хатымда анығын айттым. Осыған қарағанда, менің сүюім жігітшілік те емес. Ақындардың әйелге әуестігі де емес. Менің, сені сүюім — өзіме таңдаулы, тауанды махаббат. Ұзақ өмірдің сүю сарыны сияқты.

18. IV. 1932 жыл

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Бейімбет Майлин. Қызы Рәзия Майлинаның естелігінен
Ғабиден Мұстафин. Сәкен туралы бірер сөз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу