Сәбит Мұқанов. Ғабит Мүсіреповке жазған хаты

Oinet.kz 17-12-2019 1363

Президиум қызық болып өтті: залға көп адам жиналды. Баяндамашы Тайыр, ЦК-дан Байғалиев болды. Жайшылықта да бетімен лағатын Тайыр, бұл жолы жындының рөлін атқарды. Сөзін жазып алмапты, ауызша бастады да бүлдірді. Менің атыма сын айтқан болды да, Мұқтарға келгенде "аса құрметті лауреатымыз..., бүкіл Одаққа даңқты жазушымыз, — деп көпіртіп кеп: "Дарование природы человечеству", — "Гордость мировой культуры", — "Гений ХХ века" деген сияқты сөздерді бар дауысымен айғайлап оттап кетті.

image.png

Сол кезде Қирабаев түрегеп: "Сіздің баяндамаңыз Мұқтарды мақтау ма, сынау ма?" — деп сұрау берді. Мәлік түрегеп: "Мұқтар 32-жылдың ар жағындағы пікірінен қайтты ма, — Қайтпаса қандай жағдайда өрбітіп келеді?!" — деп сұрау берді. Снегин түрегеп: "Мен президиум мүшесімін, бірақ мен бұл баяндаманы көрген жоқпын, сондықтан жауапкершілігінен аулақпын, өзге мүшелер оқыды ма екен?", деді. Сонан кейін Байғалиев түрегеп: "Президиум жиналысты әзірлемеген, мұны құлады деп санау керек те екінші рет шақыру керек", деді. Моргун түрегеп: "Мен бұл ұсынысты қолдаймын, бірақ баяндама жасауға Жароков жарамайды, басқаны тағайындау керек", деді. Сөйтіп президиум 23.11 айда қайта шақырылмақ боп, баяндамашы Жаймурзин болмақ боп тарадық.

Ертеңіне "С.Қ."-да, — "жиналыс неге кейінге қалдырылды?", деген заметка шығып жоғарыда айтқан халды баяндады... Одан ары не шаралар болып жатқанын білмедім... "Әділ сын" деген атпен мақала жаздым, ұнатты, жуырда шықпақ.

Сәлеммен,

Сәбит

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Амангелді Имановтың өліміне Міржақып Дулатовтың қатысы бар ма?
Рымжан Сейфуллина. Естелігінен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу