Нұр-Сұлтан қаласы туралы эссе

Oinet.kz 01-01-2020 6074

Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласы 20 жылда қарқынды дамып келе жатқан ондаған биік күмбезді заманауи мегаполиске айналды. Өнеркәсіппен қатар, жаңа елордада көптеген ойын-сауық және сауда орталықтары, дәмханалар, мейрамханалар қамтитын әлеуметтік инфрақұрылым дамуда.

Znalezione obrazy dla zapytania астана

Нұр-Сұлтанның архитектуралық келбеті — Шығыс және Еуропалық сәулет өнерінің ең үздік жетістіктерінен құралған экзортика іспеттес. Қысқа уақыт ішінде қала көрінісі тұрғындар мен қонақтар үшін Еуразия стиліндегі тартымды кейіпке енді. Қала бүгінгі күнде 4 бөлікке бөлінген. Ақ орта қаланың сол бөлігінде орналасқан. Қалаға келуші туристер саны 2017 жылғы Экспо көрмесінен соң біршама артқан. Бұл өз кезегінде қаланың гүлденуіне елеулі үлес қосқаны белгілі. Еордамыз күн санамай экономикалық, архитектуралық тұрғыдан дамып келеді.

Нұр-Сұлтан 1997 жылы ел астанасы болып бекітілген тұстан әлдеқайда өрлеп, мәдени тұрғыдан көз тартар сұлулыққа ие болған. Ол Қазақстан Республикасының айнасы және де символына айналған әрбір өз елінің патриоты үшін ерек бағаланған өңір.

Халқы бүгінде 1 миллион 200 мыңнан асып, мегаполиске айналған. Сондай-ақ қаланың сан жылдық тарихы мен өткерген кезеңдері бір томдық кітапқа симасы анық. Қала әрқайсымыздың қазақ деп соғатын жүрегімізден маңызды орын алатын мекен.

Нұр-Сұлтан туралы шығарма. Жаңа қала
Астана қаласы туралы шығарма. Астанадан Нұр-Сұлтанға
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу