21 қыркүйек - Бейбітшілік күні

Oinet.kz 01-01-2020 1336

Бірлігі жарасқан, бейбіт елде тіршілік еткенге не жетсін? Халқымның тәуелсіз, соғыссыз елде ғұмыр кешіп жатқанына өте қуаныштымын, шын бақыттымын. Меніңше бұл үшін әр қазақ мақтана алады. Сондай-ақ осындай бейбіт елді аманаттаған ата-бабаларымызға мың алғыс.

Podobny obraz

Бейбітшілік күні елімізде жыл сайын атаулы аталып өтетін ерекше маңызы бар күн. Бұл мереке алғаш рет 1981 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында бекітілген болатын. Халықаралық бейбітшілік күні аты айтып тұрғандай адамдарды бейбіт өмірге, соғыс болдырмауға, зорлық-зомбылықтан бас тартуға үгіттейді. Атаулы күн 2002 жылдан бастап атап өтіледі. 21 қыркүйек күні барлық елдерде әскери қимылдар жүргізілмейді.

Әлемде барлық ел бейбіт тіршілік етсе, қандай керемет, айтыңызшы. Біздің елде соғыс жоқ, барлық елмен бітімгерлік ара-өатынастамыз. Бұл алдымен ел басшысының үздік саясатының арқасында деп білемін. Көк туымыздағы қыран бүркіт пен ашық аспан, шуағын шашқан күн де жабылып осы бейбіт күндерге жетелеп тұрғандай. 

Бейбіт елдің бейбіт ұрпақтары біздер. Ендігі мақсат өсіп-өнген туған өлкемізді қор етпей, аман-есен келесі ұрпаққа тапсыру деп ойлаймын. Сол үшін еліміздің бейбітшілігіне әрдайым шүкіршілік айтып жүрейік. Жерім, елім деп өмірден өткен бабаларымыздың еңбектерін еш елеусіз, ұмыт қалдырмайық. 

15 сәуір - Қозы Көрпеш-Баян сұлу күні
1 мамыр - ұлттар достығы күні
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу