Сыңғырла соңғы қоңырау

Oinet.kz 01-01-2020 879

Міне, 9 ай да соңына таялып, мектепте соңғы рет қоңырау соғылмақ. Бұл күнді кейбірі асыға күтеді, бітіруші сыныптар қимастықпен толқу үстінде болады. 25 мамыр күні елдің бүкіл мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлайды. Балалар жазғы демалысқа шығып, 3 ай мектеппен қоштасады. 

Znalezione obrazy dla zapytania соңғы қоңырау

Соңғы қоңырау біз үшін атаулы мереке, себебі барлық оқушы бір сыныпқа есейіп, ақылына-ақыл қосылып, білімі шыңдалып шығады емес пе? Мектеп бала өміріндегі ең керемет шақ. Еркелігің мен тентектігіңді кешіретін, екінші анаң болып, тәрбиесін де, білімін де, дана сөздерін де аямайтын ұстаздармен қимай кездесіп жататынымыз тағы бар.

Тардай болып кіріп, таудай болып шығатын мектеппен қош айтысу да мүмкін емес. Оны мен 11 сыныптардың соңғы қоңырау сыбдырына егіле жылаған жүздерінен аңғарамын. Сорндықтан да мектеп қабырғасында жүрген әрбір кезімізде есте қалардай етіп өткенін қалаймын.

3 ай демалыс. Алдымен тезірек демалысқа шығуға асыққан оқушылар кейіннен мектебін сағынып, ұстаздарын сағынысып оралып жатады. Соңғы қоңырау үнін естігенде барлық бала үнсіз тұратынры бар. Бірі демалыста қайда барарын ойланып тұрса, екіншісі мектептегі соңғы күндерін ойлап, қимастық сезімде тұрады. 

Мектеп балалықтың соңғы баспалдағы деп түсінемін. Сондықтан да осы білім ордасын барынша құрметтеуіміз тиіс. Жақсы білім алып, еліне елеулі, халқына қалаулы азаматтар болайық.

Ахмет Байтұрсынұлы туралы шығарма
Шоқан Уәлиханов туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу