Темекінің зияны туралы шығарма

Oinet.kz 01-01-2020 3562

Темекі тарты адам ағзасына аса зиянд. Темекі адамның тек өкпесін, бауырын, тыныс алу жолдарын ғана емес, оның санасын да едәуір улайды. Темекіні 18 жасқа толмаған балаларға сатуға тыйым салса да жас жеткіншектер арасында темекіге тәуелді болып жүргендері аз емес. Жастар темекі секілді улы заттарға тез үйір болып, оған тәуелді болып қалады. Себебі бала жас кезінде кез келген нәрсеге қызығушылығы жоғары болады, ал ол жаман ортада болатын болса, темекі, алкоголь секілді заттарға оның әуестігі арта түседі.

Podobny obraz

Жалпы темекі адам ағзасына түскен сәттен бастап, адамда оны үнемі қалап тұратын тәуелділік пайда болады. Бұл тәуелділік уақыт өте келе сабырсыздыққа, ашушаңдыққа жетелейді. Сондай-ақ темекіге үйір адамның, ішкілікке, нашақорлыққа да тез бауыр басып қалуы да ғажап емес. Темекі тартқан адамның ішкі ағзалары іри бастайды екен. Ал темекіні мүлде көп тартатын адамдардың иммунитеттері төмендеп, туберкулез секілді жаман ауруға шалдығып жататын көрінеді. 

Темекі тартатын адам тек өзіне ғана емес қоршаған ортаға да, адамдарға да айтарлықтай зиянын тигізеді. Себебі темекіні тартқан адамнан онымен тыныстап тұрған адам көбірек зиян шегеді екен. Сондықтан ең әуелі өзгелердің ауасын да, өзіміз таңдап алған лас ауамен ластамауға тырысайық. Темекі ешқашан да бақытқа, сау әлемге жетелеген емес. Сондықтан мұндай жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстайық.

Қоғамдағы өзекті мәселе туралы шығарма
Жол жүру ережесі туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу