Астана (Нұр-Сұлтан) қаласы туралы шығармалар жинағы

Oinet.kz 07-06-2022

6 шілде - Астана күні. Соған орай мектеп оқушыларының шығармаларын ұсынып отырмыз.

Screenshot_8.jpg

Астана - отанымыздың жүрегі

«Астана-отанымыздың

жүрегі,

тәуелсіздігіміздің тірегі»

Н.Ә.Назарбаев

Астана-ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Біздің дәуіріміздің ХІ-ХІІІ ғасырларында Арқада қыпшақ тайпалары көшіп - қонып жүрген. өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. Бозақ-қазіргі Астанадан небәрі 15 шақырым жерде. Қалашық Х-ХІІІ ғасырларда гүлденіп, Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының  біріне айналған. Сондай-ақ Бозақ қыпшақ билеушілерінің елордасы болған. Демек, Елбасымыздың Астана орнын Арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап, болашақты түйген көрегендік. 1996 жылы Ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала-Астананың атын бүкіл әлемге паш етті.

Етек-жеңін енді қымтап, есін жиған егемен елдің бірегей ұлдары Қазақ елінің болашағы үшін барын шаша еңбек етті. Халқымызда «Басы қатты болса, аяғы тәтті» деген дана сөз бар. Астана дамып, көркейе түсті. Айбынды Астанамыз жарық жұлдыздай жарқырады Астанамыз әр күні жылға татитын, әр жылы ғасырға тең қарқынмен дамудың даңғыл жолына түсті.

1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды.

Астана-сәулеті келіскен алып шаһар. Бас қаладағы ең ғажайып, әсем мұнара-Бәйтерек. Тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіретін алып мұнара еліміздің символына айналған. Гүлденген Астанамыз, түрленген жас қаламыз-елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі.

Не деген махаббат сұрапыл,

Тәңірден берілген нұр, ақыл.

Астана қазақты ғаламға,

Танытпай қоймайды, тұра тұр, - деп

Қ.Әбілдақызы жырлағандай, Астана-Елбасының ғажайып ерлігі. Жас ұрпақтың келешегін ойлайтын кемеңгер адам Нұрсұлтан Әбішұлының ұлы дала төрінен асқақ та ғажап қала тұрғызуы-теңдессіз қайсарлық. Әр елді Астанасы-сол елдің төлқұжаты. «Астанасына қарап елін таниды» деген Елбасы сөзінде терең мән бар. Нұрсұлтан Әбішұлы «Еуразия жүрегінде» атты кітабында: - қалалардың да адамдар сияқты өз тағдыры болады. Олардың әрқайсысының өз аты, қайталанбайтын өмірбаяны, дүниеде ешбір жерге ұқсамайтын өзіндік айрықша мінезі мен белгілері бар», - деп жазыпты. Британдық «The Sunday Times» газеті өзінің 2005 жылғы 20 ақпандағы нөмірінде: «Астанада жасалып жатқан жұмыстардың ауқымы адам нанғысыз. Оны жүзеге асыру үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан болу керек», - деп жазды. Ендеше, аяулы Астана - Елбасының тарихи қолтаңбасы. «Біз жаңа астананың негізін салдық. Бұл - бостандық туралы ежелден

далалық арман мекен еткен қала. Бұл - біздің он бес жылғы жолымыз бастап әкелген және бүгінде осы жол енді ғана басталатын қала. Бұл - біздің жол, Қазақстан жолы», - дейді Н.Ә.Назарбаев.

Сәулетті Астанамен тағдыры тоғысқан, халқымен жүрегі бір Елбасы бастаған нұрлы көш - Қазақстанның Тәуелсіздік жолы ешқашан адаспақ емес. Елбасы бізбен бірге. Астанадай ғаламат қала Қазақ жерінің мәңгілік жерұйығына айналады.

Астана - жастар каласы

Астана – Қазақ елі болашағының каласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Жаңа Астанамыздың құрылысы - жас мемлекетіміздің жасампаздықка ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған кұбылыс. Ғасырлар бойғы бабалар арманын іске асырып, бас-аяғы төрт-бес жыл да Астана салған мемлекет тарихта болған емес. Адамзат тарихында астанасын жаңғыртқан мемлекеттер жетерлік.

Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыкка өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Әлемдік қауымдастыктың көшіне жеке керуен болып қосылдық. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей Елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуелеген Әнұранымызды естігенде бойынды ерекше бір асқақ азаматгық сезім билейді. Бұны көру, сезіну де бір бақыт, мандайға біткен бақ емеспе ?! Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі - Астанамыз да елдігіміздің жаңа бетгерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұр. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман кала - жас қаламыз - өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда.


Ару қала – Астанам!

 «Еңселі Елорда, асқақтаған Астана». Бүгін біз осындай қасиетті сөөдерді құрметпен, бойымызға біткен ұлтшылдық сезіммен көкірегімізді керіп, басымызды көтеріп, аса мақтанышпен айта аламыз. Себебі, Арқаның төрінде сылдырап аққан Ерке Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз бүгінде 14 жасқа толды.

«Елу жылда ел жаңа» дейді дана халқымыз. Бірақ 50-дің жартысына да еме 14 жасқа енді ғана толып жатқан жаңа қала жас қала Ару Астанамыздың көрсе көз тартар- көрікті, қараса көздің жауын алар, жаңа үлгідегі өнеріне негізделген биік-биік ғимараттары қалаға сән беріп, жаңаша бағыта ерекшелендіріп тұрғаны сөзсіз.

Ару Астанамызда орналасқан әсем ғимараттың бірі - «Пирамидаға» тоқталсақ оның ішін былай қойғанда сыртының өзі ерекше бір әлем емес пе?. «Бәйтерегіміздің»- өзі неге тұрады? Онымен қоса «Мұз қалашығымыз» тағы бар. Барлық әсем ғимараттарды жекелеп даралап айтар болсақ уақыт жеткізе алмайтын іспеттіміз. Астананың ауыз толтырып айтар жері көп екені бәрімізге аян. Яғни , ару Астанамыздың халық тамашалап, қызықтап көрер жері көп. Бұл дегеніміз Астананың не бәрі 14 жылда қол жеткізген жетістіктері десек артық айтқан болмас едік.

Тіпті шет елдерден қаламыздың әсем жерлерін аралап, тамсанып кететін шет елдік қонақтар да аз емес. Жер бетіндегі Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан Астана – Еуразия мен Азияны жалғастырушы алтын көпір, қақпаның кілті болса, күллі қазақ халқының – жүрегі. Не бары 14 жылдың ішінде адам айтса сенбестей өзгерген ару Астана өзге елдермен терезесі тең, келешегі кемел болашағы айқын және жұлдызы жарық қалалар қатарына қосылды. Осындай жетістікке жетіп, Астананың алып жатқан асуы – тұғырлы тәуелсіздігіміздің, еңселі елдігіміздің, айбарлы азаттығымыздың арқасы.Ең бастысы Елбасымыздың дара басшылығының қол жеткізген биік белестері деп ойланбастан айта аламыз.

Әлемде аждаһаданда айбарлы, ғаламдық жаһанданудан аман өткен Астана бүгінде ұшқыр да қалыпты дамып, жаңаша бағытта көрпкейіп, гүлденуде. Бұл да болса халықтың айрандай ұйыған ауызбіршілігі, тұрақтылығы және ең бастысы шаттығы шалқыған бір шаңырақтың астында бейбіт өмір сүріп жатқаны, ақ көңілді, кең пейілді, ешкімді жатсынбайтын, арамдықтан ада, қиянаттан шет, жомарт мінезді, кез келген адамзатты бауырана баса білген бауырмал ешкіммен теңдесі жоқ қара қазағымның арқасы.

Өзге ұлт күйресе де, жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан жаңа қаламыз ешқашан жойылмасын. Елдігіміздің еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміз мәңгі жасап, қол жеткізген жетістігің молайып, жайнай берсін. Асқақтай бер Ару қала – Астана, Туған күнің құтты болсын –Астана!!! 

Астана – болашақтың қаласы

«Астана осы сөздің тура

мағынасында нағыз астанаға,

тәуелсіз жаңа мемлекет –

Қазақстан Республикасының

астанасына айналады»

Н.Ә.Назарбаев

Астанаға Алматы қаласының көшуі халықтың тығыздығы мен экологиялық жағдайы көп әсер етті. Жаңа астананы таңдау басшылыққа алынған кезде Қазақстанның орталығы Ақмола қаласына орналасу болып табылды. Астананы көшіру Қазақстанды нығайту, бейбітшілігімізді бағыттау болды. Астананы ауыстыру экономикамызды нығайту, дамыту деп санады. Сөйтіп 1994 жылы шілдеде астана солтүстікке Ақмолаға көшіру шешімі қабылданды. Басқа елдермен шектеу үшін де барлық жағдайлар қарастырылды Астананы көшіру Қазақстанды жаңа тәуелсіз мемлекет деп таныды. Біздің жеріміз, еліміз қауіпсіздік жолында маңызды орын алу қажет. Астана елдің ортасында орналасу керек деп санады. Астананы ауыстыру экономикамызды нығайту, дамыту деп шешті. Қазақстанда тұратын барлық елдер достықпен ынтымақты сақтау бағыты екенін айтты. Астана халқының саны қоныс аударғанда 290 мың адам болатын. Сәулетшілер жаңа ғимараттар, зәулім үйлер, шағын аудандар салуға кірісті. Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1992 жылы қалаға тарихи Ақмола атауы берілді. 1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстанның Ел ордасы

болып жарияланды. Астана бүгін орталық болса, ертең мәдени-ғылыми орталық болады. Астана жаңа атауымен орын алды. Астананың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі «Қазақстан астананың экономикалық дамуының негізі».

Бүгінгі күні – талантты, жігерлі өзіне снетін арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік-жігері бар жастарға мемлекетіміз жағдай жасап отыр. Еліміздің ертеңгі болашағы біздер. Сондықтан әр азамат халқымыздың, еліміздің, жеріміздің өркендеп - өсуіне зор үлесін қосуда.

Астана әрқашан жылдан – жылға гүлдей берсін. Астананың өсіп өнуі, гүлденуі әрине біздің қолымызда.


Біздің Астанамыз

 Астана – біздің халқымыздың бәрін біріктірген отанымыздың жүрегі және ұлттық ойы. 2008 жылдың 6 шілдесінде Астананың 10 жылдық мерей тойы болды. Осы аз ғана уақыттың ішінде президентіміздің сенімін ақтап, халқымызды, ұлы келешегіне айналды. Статистикалық мәліметке сүйене отырып осы он жылдың ішінде Астананың халық саны 3 есеге көбейді. Бұл көрсеткіш Астанамыздың дүние жүзі бойынша дамып келе жатқан ең жас қала екенін білдіреді. Астана арқылы президентіміз Қазақстанда жаңа қала ашты. Астанамыз өсіп алға жылжуда. Астана жайлы айтатын болсақ оның мәдениеті жоғары. Астанаға жан жақтан көптеген жастар келіп, жоғары лайықты білім алуда. Қазір Астанада ЖОО-да оқу өте мәртебелі және келешекте мамандығының болашағы мол. Бұл жастарымыздың өмір дәрежесінің жоғары екенін дәлелдейді. Астанада дүние жүзілік стандартқа сай үлкен ғимараттар салынуда. Біздің Астанамызға көптеген қалалардан адамдар ресми сапарларға келеді. «Әсіресе жаздың күндері іс сапарларға, қонаққа келген адамдардың фотоапаратпен Астананы суретке түсіріп жүргенін көруге болады. Әсіресе кешкі Астананы. Осы он жыл ішінде Астана гүлденіп, жайдары, меймандос, ең тартымды қалаға айналды. Астана Қазақстан халықтарын біріктіреді және алға дамуға ұмтырылдырады. Астанада 100 – ден астам ұлт жасайды. Астана біздің Отанымыздың Тәуелсіздігін растайды және президентіміздің Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Халықтардың достығы, бір-бірін түсінуі, ынтымақтастығы – Астананың және жаңа Қазақстанның негізін құрайды!»

Астана күні (Елбасы - елінің тірегі, Астана – елімнің жүрегі)

Құлыптаулы сыры ашылды бәрінің,

Кілттеулі болып келген әлі күн...

Ақ тілеумен күткен еді бұл Қазақ,

Елдің жүгін көтеретін Нар Ұлын!

Т.Рақым.

Ұшқан құстың қанаты талып, шығыстан шыққан күн батысына әрең жететін кең жазиралы даланы мекен еткен «қазақ» деген іргелі елміз. Ғасырлар бойы бағы мен соры кезектесе отырып, досқа ақ пейілін, қасқа найзасын дауға қылышын сілтеген, тағдыры қаншама рет тағдыр таразысына түсіп, қыл үстінде тұрса да «құт дарып, қыдыр қонған » туған елді көздің қарашығындай сақтай білген елміз. «Ерлік–ұрпаққа ұран, елге - мұра» деген дуалы ауыз бабалар өсиетін бойына дарыт-қан халқымыз азамат ұлдар тәрбиелеуге де зор көңіл бөлді. Бұған Абылайдан кейін қолымыздан сусып кеткен тәуелсіздіктің туын ұстап қалу үшін, халықтар достығын, татулықты, ынтымақтастықты күшейтетін елді бастар ер керек еді. Еңселі ел болу елін дауға, жерін жауға бермейтін білікті басшы керек еді. Сөз қадірін, ер қадірін білген Төле би бабамыз: «Басшысы болмаса ел жетім» - деген. Ғасырлар бойы күрестер мен жеткен тәуелсіздікті баянды ету – Нұрсұлтандай Елбасымыздың еншісіне тиді. Сөйтіп,1990 жылдың сәуірінде республиканың Жоғарғы Кеңесінің ұйғаруымен Қазақ КСР-нің тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. «Қазіргі кезде дүние жүзінде ірі де өте ықпалды бес – алты саясаткер бар, олардың бірі – Назарбаев», - деген болатын Маргарет Тэтчер. Халықтың талап – тілегін ескере отырып, өз шешімімен дүние жүзі елдеріндегі атом қаруын сынайтын Семей, Капустин – Яр сияқты полигондарды жауып, бейбітшілікті сүйетін халқын алаңдатқан атом қаруын сынауға тосқауыл қойды. Елбасының негізгі мақсаты – ел бірлігін сақтау деп түсінемін. Оның әр сапарынан, әр кездесуінен осыны аңғаруға болады.Көп ұлтты Қазақ елі ынтымағы орнаған халықтар достығы еліне айналып отыр. Тарих дөңгелегі толассыз дөңгелеп, уақыт өз дегенін жасап жатыр. Елбасы сайланғалы жиырма жылдай уақыт өтті. Осы жылдар ішінде асқан төзімділікпен қыруар шаруа атқаруда. Ең әуелі өзге ұлт өкілдерімен Қазақ елі арасындағы саяси тұрақтылықты сақтай отырып, халықтың өз қазынасын өзіне қайтаруға тырысты. Тілі, ділі, салт - дәстүрі, әдет – ғұрпынан айырылудың аз алдындағы елге азғантай уақыттың ішінде асыл мұраларын қайтаруға күш салды. Қазақстанды Орта Азия барысына айналдыру үшін Елбасымыздың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы бұл күнде ұшса қанат талатын кең байтақ өлкемізді шарлап кетті.Парасаты мен пайымы, білімі мен біліктілігі мол ел қамын жеген Президент Жолдауы болашаққа апарар үлкен жолдың бастауы. Бұл айтылмаған, еленбеген сала жоқ. Егемендіктің кілтін ұстар жастардың жарқын болашағына апаратын алтын сүрлеу. Еліміздің ертеңі – жастарға үлкен қолдау көрсетіп, шетелдерде білім алуына жағдай жасап «Болашақ» бағдарламасын ұсынуы шынайы қамқорлық деп білемін. Н.Ә.Назарбаев: «Жаңа Астана – тарихи оқиға. Бұл – елдің өз тәуелсіздігін алып, көк байрағын көтергенмен бірдей қуаныш» деген болатын. Астана

күннен күнге құлпырып өзінің рухани келбетін жаңартып, көз тартар алып ғимараттарымен жыл сайын өркендеуде. Ауылымыздың ардагер ұстазы, ауданымызға танымал ақын Қ.Б.Бижанов 2009 жылы аудан ардагерлерімен бірге Астана қаласынада болып қайтты.Мектеп оқушыларымен кездесуінде Астанадан алған әсер және Елбасының Астанаға сіңірген еңбегі жайында ризашылықпен әңгімелеп берді. Көргендерін айтып жеткізе алмаған ағамыз « Астана-жұмақтың төрі » деген болатын.

Нұр-Сұлтан қаласы күні (Көрікті қала - Астана)

Астана қаласының ерекше сымбатты қала екенін мен теледидардан, кітап-журналдардан көріп жүрмін. Бірақ Саматтың қала туралы айтқанынтыңдасаңыз, Астана қаласына дүниедегі ешқандай қала жетпейтін сияқты. Мен өз көзіммен қаланы әлі көрген жоқпын. Астанамыздың одан әрі көркейе беруіне мен сенімдімін.

Мен Алматы қаласында болғанмын. Алматы біздің алдыңғы астанамыз – мәдениет пен өркениет орталығы болып саналады. Алматыны бүкіл дүние біледі деп айта аламыз. Себебі онда әлемге танылған Медеу мұз айдыны бар. Алатаудың қатпар-қатпар таулары, мәңгі жасыл ормандары, суы сарқыраған өзендері қалаға ерекше көрік беріп тұратын сияқты. Нағашы ағам айтуынша Алматы студенттер немесе жастар қаласы деп аталады екен. Мен де мектепті бітірген соң Алматыға оқуға барамын деген үлкен мақсат қойдым.


6 Шілде - Астана күні (Астана – бас қала)

Оқу жылын үздік аяқтап, жазғы демалысты қызықты өткізу әр оқушының мақсаты. Соның бірі мен жазғы демалысымда еліміздің әр түрлі қалаларына сапар шеккенді ұнатамын. Өткен жазғы демалысымда Астана қаласына саяхат жасадым. Саяхат өте қызық болды және жаңа достар таптым.

Астана – менің елімнің астанасы. 1997 жылдан бастап Ақмола Астана қаласы деп аталады. Бүгін Астана әлемдегі ең әдемі, тартымды сәулеттерімен таңқалдыратын қалалардың бірі. Кең даланың ортасында Астана гүл секілді өсіп тұр. Бүгін Астана әлемдегі ең жас астана болып саналады. Қаламыз– даму жолында тұрған мемлекетіміздің мақтанышы.

Жас қалада тамаша тұрғын үй кешендері, әкімшілік ғимараттар мен сәулет ескерткіштері бар. Сондықтан да бас қаламыз өзгеше бір көркем көрініске ие. Мен саяхат кезінде Астананың тірегі– Бәйтерекке бардым. Ол жерден қаланың барлығы айдан-анық көрініп тұрды. Сосын Думан ойын-сауық кешеніне жол тарттым. Мұнда көптеген балықтардың және тағы басқа су жануарларының түрлерімен таныстым. Мені ертіп жүрген әкем астананың көрікті жерлерімен таныстырып отырды. Қаланың даму тарихы жайлы айтты. Маған қала өте ұнады. Мен есейгенде Астанаға келіп, қаланың көркеюіне өз үлесімді қосқым келеді.

Астана көркейсе, еліміз – кең байтақ Қазақстан, көркейеді. Себебі, Астана –мемлекеттің жүрегі.Астананың болашағы жарқын екеніне мен сенемін!

Оралбеков Нұрәлі

2 сынып, № 159 гимназия


Астана туралы 7 сыныпқа шығарма

  Әр елдің өзінің Астанасы болады. Қазақстанның жүрегі де Астана. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Дүние жүзіндегі ел ордаларының ішіндегі ең жас қала - Астана. Астана қазіргі еліміздің арқа сүйер Ел ордасына айналды. Бізді оған жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол көптің жүрегінен орын алған адам. Астана Қазақстандағы ең көркем қалалардың бірі болып саналады. Біз барлық елге Астанамен мақтана аламыз. Және тағы бір мақтанышымыз ол EXPO- 2017. Ол да Астанада өткен болатын. Оны жан-жақтан 10 млн-нан астам адам тамашалады. Оған кеткен қаражат та біраз болды.

Қазіргі кезде Астанада түрлі-түрлі әсем ғимараттар бой көтеруде. Ол да біздің жетістіктеріміз және қазір астанада әртүрлі ұлт өкілдері тұруда. Ол біздің достығымыздың белгісі.

Астананың жүрегі - Бәйтерек. Ол Астанадағы ең биік ғимараттардың бірі. Онда тағы басқа Парламент пен Үкіметке арналған әкімшілік ғимараттар бар. Хан шатыр мен Думан мәдениет сарайлары, спорт кешендері де бар. Ол қазір жылдан-жылға өсіп көркейіп келе жатыр.

Мен Астананы мақтанышпен «Әсем қалам - Астанам» деп айта аламын.

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы

«Шал ақын ауданының Алқаағаш негізгі мектебі» КММ

7 сынып оқушысы: Мұқаш Мағжан

Жетекшісі: Жакина Гүлмира Жолаушықызы

дереккөз: zharar.com

Туған ел, жер, Отан туралы өлеңдер
Астана (Нұр-Сұлтан) туралы тақпақ, өлеңдер


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×