Мектеп туралы өлең

Oinet.kz 01-01-2020 779

Білім берген алтын ұя - мектебім,

Саған айтар сырларым да көп менің.

Қайталанбас бақыт деп мен білемін, 

Құшағыңда өмірімнің өткенін.


Алғысына бөленіп те талайдың,

Сездің-ау сен жанарлардан арай мың.

Біз де бір күн бітіреміз, ұшармыз,

Соны ойласам қимай саған қараймын.


Сездім сенен жылылығын ананың,

Сондықтан да қимай саған қарадым.

Өмірге үлкен араласу үшін мен,

Балалықты саған тастап барамын.


Болу үшін атың сенің гүл-есім,

Жеңу керек бұл өмірдің күресін.

Алтын ұям, ұмытпаймын мен сені,

Сен менімен мәңгі өмір сүресің.

Өмір ұстаз (өлең)
Ақ бата. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу