Нәзік жан. Өлең

Oinet.kz 10-01-2020 1618

Қыз дегенің құсың ғой,

Бағың жанар тұсың ғой.

Қиядан қыран көз салса,

Тағдырдың салған ісі ғой.


Қыз жүрегі нәзік қой,

Сүйген жанға азық қой.

Өмірге ұрпақ әкелер,

Үйдегі темір қазық қой.


Қыз баласы сұңқар ғой,

Бәйгеге қосқан тұлпар ғой.

Көп ішінен топ жарса,

Сан жігітке іңкәр ғой.

Серік Дербісбаев

Достар туралы өлең
Қысқы кеш туралы өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу