Жастық шақ. Өлең

Oinet.kz 10-01-2020 1467

Екі ауылдың арасын жақын еткен басбалдақ,

Екі жастың жүрегін ғашық еткен басбалдақ.

Лүпіліндей жүректің дір-дір еткен басбалдақ,

Шарықтата ән салып, би билеткен басбалдақ.


Махаббат жырын жырлатып, ақын еткен басбалдақ,

Көрші ауылдың қызына жақын еткен басбалдақ.

Ғашықтардың сырына куә болған баспалдақ,

Олар жайлы жыр құрап, мұра болған басбалдақ.


Жағасында Арыстың сырын шерткен жастық шақ,

Өзгелерден арманға бұрын жеткен жастық шақ.

Бірін-бірі көрмесе, тұра алмаған жасьық шақ,

Бар адаммен бауыр боп, жылу күткен жастық шақ.

Қысқы кеш туралы өлең
Мұсылманның парызы. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу