Шортанбай Қанайұлы. ​Көз керген қазақ батыры

Oinet.kz 16-08-2020 764

Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» толғауы • Martebe.kz білім сайты

Көз керген қазақ батыры,

Алысқа кеткен дағбыры.

Хан Кенедей ер қайда,

Шейіт боп кеткен тағдыры!?

Өлшеулі күні біткен соң,

Алладан ажал жеткен соң,

Кәпір салған тұзаққа

Ілініп бір кеткен соң,

Қош - қош айтып еліне,

Самалды шалқар көліне,

Құбақан сағым беліне,

Иманын тілеп алладан,

Көзден таса ақыры.

Наурызбай төре ер еді,

Өн бойы өнер сері еді,

Көпірмен сансыз шайқас сап,

Дәл ортада айқасып,

Бекерге өлем демеді.

Күркіреп солар тұрғанда

Қазақты жау жеңбеді.

Хан Кене кетті арадан,

Орысқа қазақ қараған.

Шұбыртпалы Ағыбай,

Тобықтыдан Құнанбай,

Байсейіт пен Жанғұтты,

Дүйсенбай мен

Қоңыр жүр

Тілеп жәрдем алладан.

Басқа амалы қалмаған,

Нысапсыз екен бұл кәпір,

Жеріңді алды, малды алды,

Пәлесі жоқ салмаған,

Қайысады қабырғаң

Көтере алмай салмағын.

Шортанбай Қанайұлы. "Жиырма бес" әні
Шортанбай Қанайұлы. Жақсы мен жаман
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу