Мағжан Жұмабаев. Жер жүзіне

Oinet.kz 21-07-2020 1145

image.png

Жер жүзіне ер атағым жәйылған,

Жан емеспін оттан судан тайынған.

Қайраты мол қанды балақ қыранмын,

Күн болған жоқ жаудан жүрек шайылған.

Еркін ырғып шыққам асқар Алтайға,

Қырда тұрып садақ тартам Қытайға.

Талай тайғақ,тар кешуде таймаған,

Батыр жүрек қайрат енді алдай ма?

Талмай,қайтпай қамал бұзған кемеңгер,

Арыстанға қарсы ұмтылған мендей ер.

Бір барқылдақ жалпылдаған төбеттен,

Қорқар болсам, жұтсын мені қара жер.

Мағжан Жұмабаев. Әйел
Қалқаман Сарин: ​Ақ жауын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу