Біржан сал Қожағұлұлы. Жастарға

Oinet.kz 21-07-2020 888

image.png

Ер жігіт дүниені көрген артық,

Дүниеде не бар-жоғын сезген артық.

Түскендей аспан жерге іс болса да,

Бел байлап, тәуекел деп төзген артық...

Қол берген қиын жерде жолдас артық,

Бас тартқан жолдасынан оңбас артық.

Өзіңмен бірдей жанып, бірдей күйген,

Досыңнан қатын-балаң болмас артық.

Жігітке сайран етіп жүрген артық,

Жігіттік бір кеткен соң келмес қайтып.

Дүниеде үйде жатып босқа өлгенше,

Жан-тәнің бірдей жанып күйген артық.

Осылай бозбалаға салдым нұсқа,

Өмірің зайып болар бекер босқа.

Көргенің бір күнгідей болмас сірә,

Міне ажал, келді наубат деген тұста.

Біржан сал Қожағұлұлы. Алтын балдақ
Ақберен Елгезек: Сені ешкімге бермеймін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу