Ілияс Жансүгіров. Жыбырлақ

Oinet.kz 22-04-2020 1025

Ілияс Жансүгіров. Ақын өмірінің соңы

Жыбырлақ

Көңілім қорқақ,

Тілім шорқақ,

Мінсіз емес бозбала!

Өнерім аз,

Сен өнерпаз,

Тапқан лаж, қозғалма!..

Аттап кетсең,

Таппай сөксең,

Қиянат маған, өте обал.

Жүйрік жасқа, Замандасқа

Қас қылмасқа қолымды ал!

Ақын емес,

Ақылды емес,

Мақұл да. емес адаммын.

Ауа қонса, Қисық болса

Айыбы қанша қаламның?

Сынға салдым,

Шынға салдым,

Жас талапкер өзіңе!

Сынағанда, Шулағанда,

Қисығын айт өзіме!

Көкірегі ашық,

Көпке ғашық,

Анық менің құмарым.

Айналмаса,

Ойланбаса,

Иланбаса жырларым...

Ілияс Жансүгіров. Жаңылғаным
Ілияс Жансүгіров. Кім десем
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу