Әбу Сәрсенбаев. Ақ көгершін

Oinet.kz 22-08-2020 630

image.png

Ақ көгершін азығын

Қолыңнан бердің, бөбегім.

Ал сені де ана жанының

Көгершіні дер едім!

Әсем ғой ақ құс өзіңдей,

Қызыға күліп қарайсың.

Қатерді әсте сезінбей

Қауырсын жүнін тарайсың.

Толқиды ол қақса қанатын

Төбеңде лентаң көгілдір.

Жайдары неткен, жарасым,

Көзінде жайнап өмір – нұр!

Сүйсіне қарап сыртыңнан

Анаң тұр тосып білегін.

Білегі емес толқынған

Тосуға дайын жүрегін.

Қондырып құсты жас талға

Шаттана шалқып қарадың.

Көгершін ұшты аспанға

Көтеріп өмір талабын.

Бақытты күлкі көзінде,

Саусақпен көкті нұсқайсың.

Бүлдіршін – бөбек өзің де

Ақ құсқа сонау ұқсайсың!

Әбу Сәрсенбаев. Авал шыңында
Қалижан Бекқожин. Қария мен дария
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу