«Қылығы өте ерсі»: Продюсер танымал актер Әбунасырды қатаң сынға алды

Oinet.kz 26-04-2021

OINET.KZ - Қалың көпшілікке "Бауыржан шоу" театры арқылы танылған талантты актер Әбунасыр Серіков соңғы кездері қазақстандық фильмдерге, сериалдарға түсіп жүр. Оның образы көпшіліктің ықыласына бөленіп, режиссерлардан талай рет басты рөлдерді сомдауға шақыртулар алды. Атап айтсақ, "Аташка на хайпе", "Куда смотрит акимат", "Семьянин", "Бизнес по-казахски" сынды көптеген фильмдерде өз рөлін жоғары деңгейде алып шықты.

Screenshot_5.jpg

Әбунасыр Серіков тек фильмдерге түсіп қоймай, түрлі жобаларда жюри, маман болып та төбе көрсетіп жүр. Қазір 7-ші арнадағы "JAIDARMAN CUP" жобасында қазылық жасауда. Жобаның алғашқы шығарылымынан-ақ Әбунасыр Серіков қатал мінезімен, қатаң сынымен көрермендерді өзіне баурап алды. Дегенмен оның кей іс-қылықтары 7-ші арнаның бас продюсері Азамат Атагелдіге ұнамаған секілді. Бұл туралы ол журналист Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатында мәлімдеді. 

Айта кетейік, актер мен прдоюсер аталған жобада қазылықта қатар отыр. Командаларды бағалауда екеуінің пікірі бір-бірімен сәйкес келмей қалып жатады. 

- Әбунасыр ағаны сыйлаймын, құрметтеймін. Бірақ, кейбір қылықтары (сахна сыртындағы - автор) маған өте ерсі көрінді. Мысалы сөз саптауы. Біз ондайға үйренбегенбіз. Біз өзімізден 2 жас үлкен адам болса да, біз одан салмақтылық күтеміз. Қоғамда өзін ұстауы ерсі көрінді. Ол маған бас продюсер ретінде емес, тұлға ретінде, яғни жай адамға қарағандай қарады. Ең үлкен қателік сол. Ол жерге (жюрилер құрамына - автор) барған Азамат Атагелді - тұлға емес, "7 арнаның" бас продюсері, яғни функциясына қарау керек, - деді Азамат Атагелді. 

Біртанов 5 баласын асырау үшін қайда жұмысқа тұрғаны белгілі болды
«Блатной» шопан: Мұхтар, халықты арзан популистік тәсілмен алдама! (видео)


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×