«Блатной» шопан: Мұхтар, халықты арзан популистік тәсілмен алдама! (видео)

Oinet.kz 26-04-2021 2987

OINET.KZ - Өткен сенбіде Жер реформасы жөніндегі комиссияның 5-ші отырысында жерді жеке меншікке беру жөніндегі мораторийді тағы 5 жылға ұзарту шешімі қабылданды. Бірақ осы қабылдану процесінде көп талас-тартыс, дау-дамай болды. Әсіресе, қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан мен ауыл шаруашылығың эксперті, "блатной" шопан (әл.желіде өзін солай таныстарады - автор) Алмасбек Садырбаев жиі сөзге келіп қала берді. 

Screenshot_6.jpg

Комиссия отырысында Мұхтар Тайжан Алмасбек Садырбаев Үкіметтен орасан зор көлемде қаржылай көмек алып отырғанын мәлімдеді. 

- Сіздердің шаруашылықтарыңыз халықтан 300 млрд теңге алып отыр. Сіздер халықтың жерінде жұмыс істеп жатырсыздар. Сол себепті де сіз орныңыздан тұрып халыққа басыңызды иіп тұрып рахмет айтқаныңыз абзал еді, - деді қоғам белсендісі.  

Бұл сөзге Алмасбек Садырбаев шамданып қалып, Мұхтар Тайжан дөрекілік танытты: 

- Ендігәрі қоғамдық жерде қазақтың шаруасына "сен субсидия алып отырсың" деген әңгіме болса онда әңгіме басқаша болады. Мұхтар, сенің ана жерде "тоқ" болып отырғаның - қазақтың шаруасының тапқан наны мен етін жеп отырсың. Сондықтан сен тұрда маған рахмет айт. Маған емес, менің артымдағы шаруаларға. Ендігәрі ондай әңгімені қозғамау керек. Мемлекет субсидияны тек қана біздің шығынымызды өтеу үшін береді. Ешкім тегін субсидия беріп жатқан жоқ. Бүкіл халықты арзан популистік тәсілдермен алдаудың қажеті жоқ. Қазақ шаруасын жермен-жексен етіп жаншымайық. Олар сіздер секілді қалада жылы жерде отырған жоқ, ауылда жүр. Сондықтан да елімізді асырап отырған шаруаны біз құрметтемесек кім құрметтейді? - деді ол. 

Жиында көптеген мамандар, эксперттер сөз сөйлеп, ақыры жоғарыда айтылған мораторий жөніндегі ортақ шешімге келді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алмасбек Садырбаев (@almasbeksadyrbaev)

«Қылығы өте ерсі»: Продюсер танымал актер Әбунасырды қатаң сынға алды
Танымал заңгер дінге беріліп кеткен жастарды қатаң сынға алды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу