Орыс өте шыдамды халық - саясаткер

Oinet.kz 20-06-2022

Батыстың санкциялары Ресейге аса әсер етпейтінін мен наурызда айтып едім. Батыс қоғамы барлығын өз стандарттарымен өлшейді. Интернетті өшіріп, Макдональдсты жауып, Памперстерді бермей қойса Ресей беріле салады деп ойлады. 

Screenshot_6.jpg

Себебі өздері сондай. Батыс қоғамы памперссіз, биотуалетсіз, тазалықсыз өмір сүре алмайды. Макдональдс - капитализмның бір сакралды құбылысы, онсыз да қиын. Ал интернеттің, әлеуметтік желінің рөлі туралы айтпаса да түсінікті. Памперс - ол Батыс өркениетінің бесігі деуге болады. Ыңғайлы, оңай, өмір рахаты, комфорт. 

Ал Ресей халқы ондай емес. Батыстың басты қателігі Ресейді Мәскеу мен Петербор халықтарының пікірлерімен өлшейді. Иә, Мәскеу мен Петербордың халқы таза Европаның менталитеті сіңген, комфортқа үйренген ақсаусақ қоғам. Бірақ қалың орыс Шығыста жатыр. Олардың өмір-салтын, жылдар бойы ыстық сусыз өмір сүре алатынын, ішетін су болмағанда қарды шелекке салып ерітетінін, деревняларына автожол 30 жыл салынбаса да Путинге риза болғанын, айлап етті көрмей картошкамен қоректенсе де “Б@йден - лох!” деп зарлайтынын, миллиондаған орыстардың Макдональдс пен Памперске түкіргенін Батыс БІЛМЕЙДІ …

Ресейде неғұрлым шығысқа жылжысаң, соғұрлым орысы шыдамды болып келеді. Неғұрлым шығысқа жылжыған сайын, өмір қиындай бастайды. Сол құбылыс мінезге де әсер етеді. Яғни, мен орыстармен оқып, орыстың не ойлап отырғанын білген адам ретінде, орыстардың арасында өскен адам ретінде 99% болжам айта аламын - Украинадағы соғыс біразға созылады. 

Самат Нұртазаның Facebook парақшасынан

Түркістан облысынан ең көп балалар тобы «IQanat» республикалық олимпиадасының ақтық сынына аттанады
Қазақстанды бір елес кезіп жүр


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×