Кремльге шабуылды Украина ұйымдастырған

Oinet.kz 30-05-2023 479

3 мамырда Кремльге пилотсыз ұшқыш құралы арқылы жасалған шабуылға Украинаның қатысы бар. Мұндай мәлімдемені АҚШ-тың арнайы органдары жасаған.

Screenshot_1.jpg

Олар осы оқиғаға қатысты  материалдарды сараптай отырып, шабуылды Украина ұйымдастырған деген қорытындыға келген. Мұндай ақпаратты The News Yor Times басылымы жариялады. 

АҚШ-тың барлау агенттігінің мәлімдеуінше, Кремльге шабуылды Украинаның арнайы органдары жасаған болуы үмкін. Бірақ нақты қай орган жасағаны айтылмады. Америкалық барлаушылар бұл істі ел президенті Владимир Зеленский білді ме, жоқ па, ол жағын да ашып айтпаған. 

Естеріңізде болса, 3 мамырда Мәскеу түнгі уақытта Кремльге украйналық пилотсыз ұшу қондырғыларының шабуыл жасағын, олардың көздері жойылғанын мәлім еткен болатын. Кремль бұл әрекетті Жеңіс мерекесі қарсаңында Ресей президенті Владимир Путинге қарсы жасалған террорлық акті екендігін, оның алдын ала жоспарланғанын  жариялады. Алайда Украина президенті Владимир Путин Киевтің мұндай шабуылды ұйымдастырмағанын, Украина қару-жарақты тек өз елін қорғау үшін пайдаланатынын хабарлады.  Тіпті Киевтегі кейбір шенеуніктер шабуылды Ресей әдейі арандату үшін өздері ұйымдастырғанын  айтқан еді. 

Алғашқыда  АҚШ-тың ресми өкілдері де шабуылды  Ресейдің өзі ұйымдастырды деген пікірде болған. Бірақ Ресейдегі лауазымды басшылардың  телефондарын тыңдаған америкалық барлаушылар бұл операцияға Украинаның қатысы бар деген байлам жасаған. 

АҚШ барлаушылары Украинадағы шенеуніктердің телефондарын да тыңдаған. Өзара сөйлесу барысында украиналық шенеуніктер Кремльге дрон арқылы шабуыл туралы әңгіме қозғаған көрінеді.   Аталған басылымның жазуынша, Украинада мұндай операцияны жасауы мүмкін деген үш орган бар. Олар: Украинаның Қарулы күштері, Украинаның Қауіпсіздік қызметі және Барлау жөніндегі бас басқарма. 

«Колоняны жинап жүр»: Қайрат Сатыбалдыны түрмеде «сындырып» жатқаны рас па?
Тоқтардікі тоқтық па, жауапкершілік жоқтық па?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу