Біртанов 5 баласын асырау үшін қайда жұмысқа тұрғаны белгілі болды

Oinet.kz 26-04-2021

Бүгін тікелей эфирде QazCOVID-in вакцинасын алған ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға «бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты жұмысқа аласыз ба?» деген сауал қойылды.

Screenshot_1.jpg

«Сот Елжан Біртановқа үйден шығуға және жұмыс істеуге рұқсат берді. Оны Денсаулық сақтау министрлігіне қабылдайсыз ба?», – деп сұрады тікелей эфир барысында «Хабар 24» телеарнасының тілшісі.

Бұл сауалға Алексей Цой: 

«Қазіргі уақытта біз де мұндай ақпаратты алып отырмыз. Білуімізше, қазіргі уақытта ол коммерциялық құрылымда жұмыс істеп жатыр», – деп жауап берді.

Еске сала кетейік, өткен аптада болған сотта Біртановтың үйқамақта отыру мерзімі ұзартылған болатын. Дегенмен Біртановтың 5 баласы бар, оның үшеуі кәмелет жасына толмаған. Сондықтан сот оған жұмыс істеуге рұқсат берді. Бұрынғы шенеунік үйден таңғы 8-де шығып, кешкі 7-де үйде болуы тиіс. Ол осылай бір ай жүре алады.

Әблязов пен Храпуновтың ұрлығы Нью-Йорк сотында қаралуы мүмкін
«Қылығы өте ерсі»: Продюсер танымал актер Әбунасырды қатаң сынға алды


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×