Қасым Аманжолов. Алатау

Oinet.kz 23-05-2020 690

image.png

Алатау бұлт асырмай асқарынан,

Тұр қарап туған дала аспанынан.

Асылып Алатауға ай менен күн,

Жарқылдап шұғыла шашқан тастарынан.

Алға алып кең даласы - дастарханын,

Алатау - ашқандай той ақсақалым.

Жаңғыртып жер сарайын ән шырқаймыз,

Ту етіп туған халық жақсы атағын.

Құшақтап Қазақстан астанасын,

Алысқа, Алатауым, көз саласың.

Алатау - айдын дала қариясы

Көтерген төбесіне өз баласын.

1948.

Қасым Аманжолов. Қоштасу
Қасым Аманжолов. Әттең, жоқ қой қанатым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу