Бұқар жырау: Әлемді түгел көрсе де

Oinet.kz 23-08-2020 1009

Әлемді түгел көрсе де,

Алтын үйге кірсе де,

Аспанда жұлдыз аралап,

Ай нұрын ұстап мінсе де

Қызыққа тоймас адамзат.

Әлемді түгел білсе де,

Қызығын қолмен бөлсе де,

Қызықты күні қырындап,

Қисынсыз күйге түссе де,

Өмірге тоймас адамзат.

Жақындап ажал тұрса да,

Жанына қылыш ұрса да,

Қалжырап, көңілі қарайып,

Қарауытып көзі тұрса да -

Үмітін қоймас адамзат.

Бұқар жырау: Алтын, күміс байда бар
Бұқар жырау: Керей қайда барасың?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу