Қазтуған Сүйінішұлы. Белгілі биік көк сеңгір

Oinet.kz 23-05-2020 1147

image.png

Белгілі биік көк сеңгір

Басынан қарға ұшырмас,

Ер қарауыл қарар деп,

Алыстан қара шалар деп;

Балдағы алтын құрыш болат

Ашылып шапса дем тартар,

Сусыным қанға қанар деп;

Арғымақтың баласы

Арыған сайын тың жортар,

Арқа мен қосым қалар деп;

Ақ дария толқын күшейтер,

Құйрығын күн шалмаған балығым

Ортамнан ойран салар деп;

Азамат ердің баласы

Жабыққанын білдірмес,

Жамандар мазақ қылар деп!

Қазтуған Сүйінішұлы. Алаң да алаң, алаң жұрт
Бұқар жырау: Ай, Абылай сен он бір жасыңда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу