Қазтуған Сүйінішұлы. Мадақ жыры

Oinet.kz 23-05-2020 1079

image.png

Бұдырайған екі шекелі,

Мұздай үлкен көбелі,

Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті,

Адырнасы шайы жібек окқа кіріс-ті,

Айдаса - қойдың көсемі,

Сөйлесе - қызыл тілдің шешені,

Ұстаса - қашағанның ұзын құрығы,

Қалайылаған қасты орданың сырығы,

Билер атты би соңы,

Би ұлының кенжесі,

Буыршынның бұта шайнар азуы,

Бидайықтың көл жайқаған жалғызы,

Бұлұт болған айды ашқан,

Мұнар болған күнді ашқан,

Мұсылман мен кәуірдің

Арасын өтіп бұзып дінді ашқан

Сүйінішұлы Қазтуған!!!

Бұқар жырау: Ай не болар күннен соң?
Бұқар жырау: Абылай ханның асында
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу