Майлықожа Сұлтанқожаұлы: Өлмек парыз, - деп айтар, - тумақ сүндет

Oinet.kz 23-08-2020 772

books.jpg

«Өлмек парыз, - деп айтар, - тумақ сүндет»,

«Мойынға ораза, намаз, - дейді, - міндет».

Алымдар орындауды мәжбүр етер,

Адамға Мұхамбетке болған үмбет.

Егер де намаз палуан пасық шықса,

Олардан ыбырат алып жұрт не білмек ?

Мың ірәкәт намаздан артық деген,

Кісіге істеген бір ізет - үрмет.

Көрсетілген нұсқада әр түрлі іс,

Білмегің өз шаманды әбен дұрыс.

Жамандарға парықы білінбейді,

Арзан, қымбат бағасы, алтын мен мыс.

Алымдардың уағыз кітабында,

Тағдырға жазылған іс болады - мыс.

Деп айтқан мың реттік әжіліктен,

Артық деп халыққа қылған бір әділ іс.

Қазтуған Сүйінішұлы. Қазтуғанның қонысымен қоштасуы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы: Ескі мырза, манаптар, бегі, салы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу