Шалкиіз Тіленшіұлы. Қатынасы биік көлдерден

Oinet.kz 23-08-2020 736

image.png

Қатынасы биік көлдерден

Қатар түзеп қу ұшар,

Алға сап тіз оқ ата көрмеңіз,

Қандыауыздан сыйлы жебе сайламай

Атаның ұлы ер жігітке

Арту-арту бел келер,

Оқтан қатты сөз келер.

Алға сап жауап бермеңіз,

Арғы түбін ойламай!

Майлықожа Сұлтанқожаұлы: Қоян жылы тумады көктен жаңбыр
Шалкиіз Тіленшіұлы. Көгерген көн сынулар жайқалса
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу