Шалкиіз Тіленшіұлы. Ағынды сулар, аймақ көл

Oinet.kz 23-08-2020 798

image.png

Ағынды сулар, аймақ көл,

Тасыса, төңбек келтірер.

Дұспанға белінді шешіп инанба,

Инантып тұрып өлтірер.

Жақсы да келер бұ көпке,

Жаман да келер бұ көпке.

Төңірегін жиғанда,

Сыймайды екен бір кепке.

Жағаға жақын қонғанда,

Жайылып сулар алмас па?

Жаманға дос болғанда,

Жазымда басың қалмас па?

Жат туғанды өз еткен

Жақсының ғұмыры аз-ақ болмас па?!

Шалкиіз Тіленшіұлы. Бұз үстіне от жаққан
Ақұштап Бақтыгереева: Адрессіз бала
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу