Ақұштап Бақтыгереева: Алыстық жолы араның

Oinet.kz 23-08-2020 575

Алыстық жолы араның

Қалды ма бөгеп қапыда?

Кешігіп жетті хабарың

Жолдаған менің атыма.

Хат алдым, бойдан әл кетті,

Қайдан күш тауып оқырмын.

Ашпастан аппақ конвертті

Баурыма басып отырдым.

Қинаса керек шын зарлық,

Мөлдіреп көзден жас тамды.

Өзіңе деген іңкәрлік

Осы бір сәттен басталды.

Ақұштап Бақтыгереева: Ақсақ қыз аңызы
Шалкиіз Тіленшіұлы. Жебелей жебе жүгірген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу