Шалкиіз Тіленшіұлы. Шағырмақ бұлт жай тастар

Oinet.kz 23-08-2020 1515

image.png

Шағырмақ бұлт жай тастар,

Ағытқан қойды жол бастар,

Ақ желкенді жел бастар,

Ғадыл төре ел бастар,

Батыр жігіт қол бастар,

Шешен адам сөз бастар.

Құсты жисаң - бүркіт жи,

Қыс тонынды түлкі етер,

Бір жақсымен дос болсаң,

Азбас, тозбас мүлкі етер.

Бір жаманмен дос болсаң,

Күндердің күні болғанда,

Жүмле ғаламға күлкі етер.

Шалкиіз Тіленшіұлы. Жауынды күні көп жүрме
Шалкиіз Тіленшіұлы. Ағынды сулар, аймақ көл
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу