Жүсіп Баласағұн. Ризамын тағдырға

Oinet.kz 29-08-2020 1029

image.png

Жаралғанның бәрі мұңлық, мұңы көп,

Ием ғана жалғыз шері, мұңы жоқ.

Жараттың Сен кішісін де, ірісін,

Өтер бәрі, Өзің мәңгі тірісің.

Бердің бәрін, ризамын тағдырға,

Ей, ізгі Ием, қарыздармын алдыңда!

Жақсы-жаман бір Алланың ісі деп,

Илан, бағын, тұтып Соны Құдірет.

Тіле Содан керегіңнің барлығын,

Одан өзге күш жоқ саған, аңдағын.

Қадір тұтып, істе Алла бұйрығын,

Бүгін не ертең берер құтын, сыйлығын.

Мақұлықтың бәрі ажалды, жоқ амал,

Бәрі өледі, бір Аллаға жоқ ажал.

Сыйын Алла атына, түзет көңіл, тіліңді,

Екі қылмай бұйрығын, сүйре тағдыр – жүгіңді.

Не келсе де Раббыңнан, разы бол, бағын да,

Қызмет көрсет, сыйынып, арың да сол, бағың да.

Бір Аллаға сыйындым әрі серік қоспадым,

Өзің қорғап сақтағайсың, бір бақытым – иманым.

Бәрін Алла жауапқа алар саспа әлі,

Құтылатын жерің бар ма, қаш кәні!

Тірі жанға мейіріңді арна да,

Жан-тәніңмен қызмет қыл Аллаға.

Ханс Кристиан Андерсен. Корольдер, мәткелер мен балталар
Әзілхан Нұршайықовтың қазақ қыздарына айтқан екі өсиеті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу