Махаббат туралы өлең. ​Сен мен үшін жайма шуақ жаздайсың

Oinet.kz 08-09-2020 885

Жаз.jpg

Сен мен үшін жайма шуақ жаздайсың,

Айдындағы кербез аққу қаздайсың.

Дидарыңды көріп қалсам ғайыптан,

Өліп кете жаздаймын.

Дүниені демде естен шығарам,

Тұрғандайсың қолың бұлғап бір маған.

Сені Алла жаратпаса, бос дер ем,

Бұ ғалам мен о ғалам.

Өлеңімнің сезбей жаңа парасын,

Сен бақытты болашаққа барасың.

Мен отырам оңашада жүректің,

Жырмен емдеп жарасын.

Munaidar Balmolda

Дәурен Қуат. Күнә 18+ (әңгіме)
Санжар Ғұлама. Сүйме мені
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу