Мұқағали Мақатаев. «Біздің көктем»

Oinet.kz 28-08-2019 1464

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт,

Таң-тамаша дүние, дабырлап жұрт.

Көктем келді. Өмірдің келешегі -

Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.

Сағым қыздың ап қашып орамалын,

Асыр caп тентек жігіт - жел еседі.

Көктем келіп ауылға қыз көрікті,

Таң-тамаша дүние жүзге еніпті.

Асқар ала таулардан асып әрі,

Аяз атаң барады мұз бөрікті.

Көктем, көктем! Қыз - көктем ауылдағы

Өлең-жыр, әзіл-күлкі ауыл маңы.

Тиянақ таппай ұшқан көк көбелек,

Көк гүлге қонды-дағы дамылдады...

Мұқағали Мақатаев. «Айтатын саған сырым бұл»
Абай Құнанбайұлы. Малға достың мұңы жоқ малдан басқа
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу