Мұқағали Мақатаев. «Қойлы ауылда»

Oinet.kz 29-08-2019 1049

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Жел тұрып күзгі салқын таза ауадан.

Түңлігін киіз үйдің мазалаған.

Әкесі қой күзетіп, мылтық атса,

Жас сәби үйде жатып мәз-ау оған.

Жаз болса, жорға мініп жайтақтаған,

Күз болса, қойшы жаны жәй таппаған.

Отырған іркес-тіркес қойлы ауылдан.

Қым-қиғаш үн шығады айтақтаған.

Көрмедім қойшыдайын жан асылын

(Тұрмысы еңбегіне жарасуын),

Бір сәтте үйге еніп қымтап кетті,

Көрпесін әйелі мен баласының.

Шалкиіз жырау өмірбаяны
Мұқағали Мақатаев. «Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу