Мұқағали Мақатаев. «Қызыма»

Oinet.kz 29-08-2019 1446

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Қарағым!

Мен тағы үйлену тойыңа барамын.

Мен бүгін тағы да

Өзіңнен адасып қаламын, Қарағым!

Шараптың уы ұрып қаныма,

Отырам

Бейтаныс біреудің жанына.

Көкешім, налыма,

Мен сені ұзатам тағы да.

Тұман боп жанары,

Әкең де, шешең де қалады.

Достарың күңіреніп,

Еңліктің әніне салады,

Әкең де қалады,

Шешең де қалады,

Баласын,

Баласы әкетіп барады.

Көкешім!

Мұңайып не етесің?!

Сен бүгін тағы да

Ұшасың, кетесің,Көкешім!

Әкеңнен әкеңе жетесің,

Мұңайма, Көкешім!

Әсет Найманбайұлы өмірбаяны
Мұқағали Мақатаев. «Дәрігеріме»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу