Мұқағали Мақатаев. «Менің ғасырым»

Oinet.kz 02-09-2019 1408

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Кірпікке кір жуытпай,құндақтаған.

Мына өмір, мына дәуір қымбат маған.

Бұл ғасыр, сірә, менің жүрегім-ау,

Тынысын қыбыр етпей тыңдап бағам.

Бұл ғасыр - менің жүрек-сағатымдай,

Тамырым бірге онымен соғатындай.

Амалсыз,абайсызда қалғып кетсем,

Ғасырым бірге ұйықтап қалатындай.

Мына дәуір менікі,мына ғасыр,

Минут сайын керемет ұлан-асыр.

Мәңгілікке ғасырың бара жатса,

Бірге кетпей қалайша тұра аласың.

Тыным алмай тыңдаймын сырласымды,

Тынысын бағам...

Менен не сыр жасырды!?

...Сірә, біздің ұрпаққа қиын болар,

Мәңгілікке жөнелту бұл ғасырды...

(Біздің ұрпақ сол шақты көрер ме екен?.

Келер-кетер,ғасырлар келер-кетер.

Өзім жырлап қалайын ғасырымды,

Келер ұрпақ өзінше өлеңдетер...

​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Екі тышқан (Ғ. Тоқайдан)
​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Ендігі бет алыс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу