​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Құлағым бітелген жоқ

Oinet.kz 02-09-2019 855

Картинки по запросу Сұлтанмахмұт Торайғыров

Құлағым бітелген жоқ, естиді ашық,

Түлкіден шешен сөзі кетті асып,

Белгілі жарамсақтық жарапазан

Қазаққа пайдалы істен мүлдем қашық.


Қозғалса ел намысы судай тасып,

Шешенің жақсы ат алмақ соны басып.

«Темірді қызғанда соқ» деген қайда,

Бұл неге қалтырайды қаны қашып?!


Қалың ел оянғанда көзін ашып,

Азаттық, теңдік үшін ұрандасып.

Бас тартқан дер кезінде басшылықтан

Жігерсіз, қайраты жоқ неткен жасық?!

​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Қос үй
Мұқағали Мақатаев. «Сырқат сыры»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу