Мұхтар Шаханов. Отырар кітапханасы

Oinet.kz 02-09-2019 1502

Screenshot_6.jpg

Тек қарынның байлығына сенген елдiң соры бар,

Көне тарих сабақтары бiзге мойын бұрғандай.

Отырарды ғаламда жоқ жазба кiтап қоры бар,

Өткен заман елестерi әлi қоршап тұрғандай.

Қайырмасы: 

Көзсiз зорлық ғасырынан,

Надандықтың тасырынан,

Жер астына жасырылған

Дара тұлға бабалардың ұшқыр ойы, санасы.

Ұяттыны толғандырған,

Қанаттыны заңғар қылған,

Күллi әлемдi таң қалдырған,

Рухыңмен қолда бiздi

Отырардың ұлы кiтапханасы!

Өмiрiмiз күнде күрес, қайшылығы тiптен көп,

Неге төмен қиратқыштан мейiрбанның атағы?

Шыңғыс ханның iзгiлiкке шабуылы бiткен жоқ,

Зұлымдықты мадақтау да зұлымдыққа жатады.

Қайда барсаң жеке мүдде жеңiсi үшiн алқыну,

Таптыра ма құмға сiңген зор парасат дастаны?

Басты мақсат - Фарабилер биiгiне талпыну,

Рухы жоқ бiлiмдiден қоғам шаршай бастады.

Мұхтар Шаханов. Әке туралы жыр
Мұхтар Шаханов. Түсінісу теоремасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу