Ержан Жұмабек. «Хат»

Oinet.kz 20-09-2018 1037

388e1fb052d514719b7884733b1985d1.jpg

Ренжіттім...

Құрып кетсін батылым!

Назаландың, батар күндей ақырын...

Қос жүректің арасында – космос,

Қос ауылдың арасы – мың шақырым.


Келешектің көк нұр бояп жолағын,

Ми ішінде сарқырайды мол ағын...

Махабаттың өзін ұқпай жүрсем де,

Машақатын түсінгендей боламын.


Қатесін кеш, мендей ымырт кісінің,

Бақ самғауы – бір-ақ сәттік ұшырым.

Күңгірт үміт хатын жаздым өзіңе,

Қиялымнан сорғалатып құс үнін...


Әтіріңнен арман иісі аңқи ма?

Жақындасам, жүрек-демің шарпиды-ау!...

Сен жымисаң – көңілім қобыз тартады.

Сен мұңайсаң: тән-садақа, жан – пида!


Күн көзінен естілгенде ақ сұр үн,

Біз кездейсоқ кезіккенбіз...

Жақсы ырым?...

Сені ойласам:

жүрегімнен даңғыра,

соққылайтын бақсымын...

Ержан Жұмабек. «Бар мен жоқ»
Ержан Жұмабек. «Сен еш өкінбе, жылама»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу