Ержан Жұмабек. «Сен еш өкінбе, жылама»

Oinet.kz 20-09-2018 987

388e1fb052d514719b7884733b1985d1.jpg

Сен еш өкінбе, жылама,

Тәңірден жауап сұрама.

Таласқа түссе бақытың,

Тағдырды ғана кінәла!


Тыным бермесе небір ой,

Көктемін қимас көңіл ғой...

Қайғыра берме күні-түн,

Бұл бар боланы өмір ғой?!


Өткені – өкініш, алды – мұң,

Жауапсыз сұрақ әр күнің.

Түк болмағандай қайтадан,

Басынан баста барлығын.


Сенімге күдік тиіспес,

Сағымнан нұрлы сый іздеші!

Жасық жанардың ұраны;

«Арман мүмкіндік түйіспес!...»

Ержан Жұмабек. «Хат»
Ержан Жұмабек. «Жіберілмеген хабарлама (SMS)»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу