Ерлан Жүніс. «Сәт»

Oinet.kz 20-09-2018 1000

f9159c39b85ac0b9a890a81825440923_resize_w_520_h_.jpg

Жүрегім – жердің серігі, 

Айнала ұшар ол сені. 

Ауыр ма ақын өмірі, 

Дәуір ме оның өлшемі? 


Білдік біз ненің өлшемін,

Сездік пе мәнін тағдырдың?

...Түсіңе кірсем мен сенің, 

Шырақ жақ түнде, жан құрбым! 


Сен кешір, мұңлы бір мен бе, 

Өңінде халді сұрар кім? 

Адасып жүріп түндерде, 

Түсіңе кірген шығармын... 


Жүзімді елден жасырдым, 

Жалғыздығымның атынан!.. 

Мен ақын – мұңлы ғасырдың 

Түсінде өлең оқыған!

Ерлан Жүніс. «Сағынып үлгердім сені»
Ерлан Жүніс. «Жүрегімді сақта»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу