Ерлан Жүніс. «Жүрегімді сақта»

Oinet.kz 20-09-2018 2888

f9159c39b85ac0b9a890a81825440923_resize_w_520_h_.jpg

Жүрегіңді сақта, 

Жүрегімді сақта, 

Бұл алағай шақта, 

Бұл бұлағай шақта! 


Күнге керек жүрек, 

Түнге керек жүрек, 

Саған құнсыз болса, 

Гүлге керек жүрек! 


Жүрегіңді жеме, 

Жүрегімді жеме, 

Өзің сүймеген соң, 

Өзге сүймес деме. 


Жүрегіңді қорға, 

Жүрегімді қорға, 

Соғып жүр ол зорға, 

Соғатындай сорға. 


Жүрегімді тыңда, 

Жүрегіңді тыңда, 

Шақырмашы құзға,

Батырмашы мұңға. 


Жүрегіңе – рахым, 

Жүрегіме – рахым, 

Жүрек деген – сұлу, 

Жүрек деген – ақын. 


Жүрегіңді сақта,

 Жүрегімді сақта, 

Я, Тәңірім, көз бер, 

Жүрек көзі жоққа!

Ерлан Жүніс. «Сәт»
Ерлан Жүніс. «Сезім»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу