Ескен Елубаев. «Астанаға»

Oinet.kz 24-09-2018 855

ed6e713a0937ffc953ce0ec8f4d88e75.jpg

Астанаға

Астана боп атандың,

Атыңа сай бол ендеше.

Көркіңді көрген жаhанның

Айызы қансын сен десе.

Тамсанып ұшан қиырдан

Әлемге асыр даңқыңды,

Тақ,

Саған енді бұйырады,

Ал басқар туған халқыңды.

Құптамас мұны жерім жоқ,

Бас қалам өзің, ықтияр,

Енді сен қазақ төрі боп,

Төріңде отыр мықтылар.

Ордалы орны билердің

Мәртебең өсті мың есе,

Дәрежең артқан біл деймін,

Алматым арқа сүйесе,

Бүгіннен асса ертеңің,

Өзіңнен мият таба алар,

Ажарын келтір өлкеңнің,

Қазақ жоқ сенен аянар.

Міндет тұр биік алдыңа

Ұмытпа есте сақталар,

Әр халық дәстүр салтына

Астанасымен мақтанар.

Ескен Елубаев. «Алшы»
Ескен Елубаев. «Бастаңғы»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу