Ескен Елубаев. «Бастаңғы»

Oinet.kz 24-09-2018 968

ed6e713a0937ffc953ce0ec8f4d88e75.jpg

Жиынды кім сағынбас,

Кіл балалар

Қағынып,

Әншейінде бағынбас,

Бір бастыққа

Бағынып.


«Жасайық,- деп,- бастаңғы,

Біреу бір ой бастайды.

Әдетіміз жастайғы,

Мұны бәрі қоштайды.

Сырын ашып тастайды,

Кім мақтаншақ,

Кім кеппе,

Жаса жиі бастаңғы.

Құштар болсаң білмекке,

Сүт тартатын машина

Бар Бекеннің үйінде

Шешесі алып қасына

Сүт тартады күніне.


Қайырған май,

Тартқан май

Сол кісінің қолында.

Бір кесегін батпандай

Ұрлау бекен мойнында.


Бектің үйі келесі,

Тары егеді

Жаз айы.

Тары тасып ол өзі

Біз жарылқай жаздайды.


Біреу үйден жентті

Біреу үйден

Құрт әкеп,

Ал біреулер жұмыртқа,

Жарма талқан

Жүр әкеп.


Мақтан сүйгіш Жолданды,

(Мінезі тым қызық - ты)

Мақтап қойсаң болғаны,

Не қазы,

Не шұжықты


Сездірместен үйіне,

Тығып алып

Келеді.

Сол бойымен күніне,

Түніменен

Кебеді.


Асылып ет жатады,

Ұмытамыз басқаны.

Сен қызыққа бататын

Басталады

Бастаңғы.


Думанымыз жарасып,

Бір жаңалық

Ашқанай

Ас ішеміз таласып,

Таласа ішкен

Ас қандай!


Тәбет қашар

Әсте үйде,

Ал қызық – ау

Бастаңғы.

Өз үйіңнен басқа үйде

Көрінеді – ау

Ас дәмді.

Ескен Елубаев. «Астанаға»
Ескен Елубаев. «Жүрек»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу