Жадыра Байбұланова. «КҮНӘҺАР КӨКТЕМ»

Oinet.kz 24-09-2018 2741

Toptama-ZHadyra-Bajbulanova.jpg

Күннің күркірі мұңды қозғасын,

Өзгесі бізге лайық деп пе ең?

Сенде – ақ жауын, менде – көз жасы,

Келші, қосылып жылайық, Көктем!

Келші, қосылып вальс билейік!

Жауынның қандай жағымды әуені!

Ешқашан енді құлай сүймейік, жарай ма?

Мұң ғой сезім әлемі…

Келші, еркелеп, ертіп бағымды,

Ес-түссіз сүйдім! Сол-ақ қой күнәм!

Шарфыңды сый қып тақшы…

Кәдімгі кемпірқосақты орап мойныма.

Жүректің қызыл жағып бояуын,

Асфальт  үстіне керемет етіп,

Сүйетінімді жазып қоямын,

Өшіріп кетші, себелеп өтіп…

Сынсам да өзіңмен сынамын бірге,

Шаттықтан кетті шұғыла ғайып.

Ерегіскенде мына өмірге,

Қосылып бірге күліп алайық!

Келші?!

Жамбыл Жабаев. «Қазақстан тойына»
Жадыра Байбұланова. «Жыныма тимеші»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу