Жадыра Байбұланова. «Жыныма тимеші»

Oinet.kz 24-09-2018 3217

Сағыныш ауылы алыстап,

Қызғаныш дерт болып жабыстың.

Бақытсыз күндерім қалыс қап,

Жанымда жүрсең де, алыссың.

 

Ақталу күтпеймін, ақтауды,

Телефон кінәлі тағы да –

Базбіреу «жаным» деп сақтаулы,

Мен, бәлкім, жай ғана «Жадыра».

 

Сол қыз ба тағдырдың қосқаны?

Бақытың сол ма енді былайғы?

Кезіге қалса да достарың,

Мен емес, Ол жайлы сұрайды…

 

Өбесің, құшақтап несіне?

Оны да осылай сүйгенсің.

Үміттей үзілген кешіге,

Үздіксіз үзілді түймесі…


Қысқасы, жыныма тимеші...

Жадыра Байбұланова. «КҮНӘҺАР КӨКТЕМ»
Жадыра Байбұланова. «Жүрдек поезд. Қайтып келем асыға»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу