Жадыра Байбұланова. «Жаңбыр. Күз»

Oinet.kz 24-09-2018 1621

Toptama-ZHadyra-Bajbulanova.jpg

«Бақытты болмайсың сен…» – деп Күз,

Жылайды төгіп қанша мұң.

Жаңбыр!

Оған сүйетінімді жеткіз!

Сезбеген болса әлі…

 

Жаңбыр! Сен Оны аймала!

Жақындай алмаймын енді мен…

Сүйіп ал білдіртпей, жай ғана,

Көзінен, кірпігі, ернінен…

 

Тұп-тұнық көздері үнемі,

Ақ жауын! Аумайсың екеуің!

Білсең ғой, Оның да жүрегі,

Дәл сендей мөп-мөлдір екенін…

 

Бақытқа Сол ғана лайық,

Қуанса, шаттыққа куә бол.

Дәл сендей бір кезде мұңайып,

Жыламасыншы бірақ Ол…

Жадыра Байбұланова. «Жүрдек поезд. Қайтып келем асыға»
Жадыра Байбұланова. «Тағдыр деген таңғажайып шеберім»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу