Жадыра Дәрібаева. «Сіз-бізі» мол салтанат...»

Oinet.kz 25-09-2018 780

foto-ZHadyra-apay.jpg

«Сіз-бізі» мол салтанат,

Болмысыңнан айныма,

Шаттық құшқан шартарап,

Жол бермеші қайғыға.


Ынтызармын пәктікке,

Ойлағым жоқ мұң жайлы,

Иіп шексіз мәрттікке

Жер тәні де бусайды.


Ығысады ызғар да,

Лебіздерден шуақты,

«Сіз – бізіміз» тұрғанда

Көркем дүние қуатты!

Жадыра Дәрібаева. «Жақсылықты бір-біріне қимаған...»
Жадыра Дәрібаева. «Қазақы ғұмыр-әдеппен...»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу