Жандарбек Жұман. «ҒаламТОР»

Oinet.kz 26-09-2018 830

1493182297_1dklrhj9wqy.jpg

Түсірдің-ау торыңа ғаламды анық, 

Мақтадық та сені біз жамандадық. 

Әлеміңнен шығалмай жатқан кезде, 

Минуттарым тұрады маған налып... 


Тиіп жатыр десек те пайдасы мың, 

(Зытып заман барасың қайда асығып?) 

Әлеуметтік желімен табыстырған, 

Саған не деп айтайын,әй,ғасырым?! 


Жалқаулықтың желкені көтерілген- 

заман болды-ау!
Дамыған өте бірден. 

Ғаламторға тәуелді тірлік үшін, 

Өз-өзімді жек көріп кетемін мен! 


Бауыр басқан саған- ұл,бұрымды қыз. 

Ұрладың-ау мазалап түнімді жүз. 

Әлеуметтік желімен әлек болып, 

Уақыт сенің түсірдік құныңды біз... 


Сен болдың-ау бұл күні таңдайдағы ән, 

Ғаламторға байланып қалды-ай ғалам! 

...Жақындарға бөлмеген сағаттарды, 

Саған бөліп жатамыз...Қандай жаман?!

Жандарбек Жұман. «Құн...»
Жандарбек Жұман. «Көп болды...»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу