Жандарбек Жұман. «Көп болды...»

Oinet.kz 26-09-2018 1144

1493182297_1dklrhj9wqy.jpg

Әр атқан таңым бағалы, 

Сыр үйсем жаныма бекем. 

Көп болды сағынбағалы, 

Қашан шын сағынады екем?! 


Бақ таппай қыздардан әлі, 

Өткенге жүз қарап өтем. 

Көп болды қызғанбағалы, 

Қашан шын қызғанады екем?! 


Мұңайып күзде келеді, 

көз жасын төгеді...жылап. 

Көп болды іздемегелі, 

Іздегім келеді бірақ. 


Жиналған басым-ай 

күдік- күйреткен кезінде мені. 

Көп болды осылай жүріп, 

Сезімді сезінбегелі... 


Төкпеспін жасты кеп көп, 

жоқ оның маған емі. 

Жас жүрек тас жүрек боп, 

Кетпесе жарар еді...

Жандарбек Жұман. «ҒаламТОР»
Жандарбек Жұман. «Сөз таптары қатысқан махаббат туралы өлең»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу